«Сити» Родригоға көз тікті: 100 млн және ұзақ мерзімді келісім

«Сити» Родригоға көз тікті: 100 млн және ұзақ мерзімді келісім

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубы мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Родригоны қатарға қосуға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испан және британ басылымдарының хабарлауынша, Англия чемпионы бразилиялық футболшыға шамамен 100 миллион еуро ұсынып, бес жылдық келісімшарт жасасуға дайын.

«Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола 23 жастағы форвардты басты трансферлік мақсат ретінде қарастырып отыр. Бұл келісімге АПЛ-дің басқа да топ-клубтары, соның ішінде «Арсенал» мен «Ливерпуль» араласуы мүмкін. Алайда қазір басты фаворит – манчестерлік команда саналады.

Лионель Месси жарақатынан кейін «Интер Майами» сапына оралды

«Барселона» Жоан Гарсияны тіркеді: ол «Мальоркаға» қарсы ойнайды

АПЛ: Федерико Кьеза мен Мохамед Салах «Ливерпульге» жеңіс сыйлады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или