«Барселона» жаңа қақпашысын ресми тіркеді

Испанияның «Барселона» клубы ресми түрде жаңа қақпашы Жоан Гарсияны Ла Лигадағы ойыншылар тізіміне тіркеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 16 тамызда «Мальоркаға» қарсы өтетін Ла Лига матчында алаңға шығуы мүмкін.
Бұл мүмкіндік клубтың негізгі қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің омыртқа жарақаты салдарынан төрт айдан астам уақыт ойыннан тыс қалуына байланысты пайда болды. Ла Лига ережесі бойынша, ұзақ мерзімді жарақат алған ойыншының орнын жаңа футболшымен толтыруға рұқсат беріледі, және «Барселона» осы мүмкіндікті пайдаланды.
Жоан Гарсия бұған дейін «Эспаньолда» өнер көрсеткен. 2025 жылғы маусымда «Барселонаға» ауысып, каталондықтар ойыншы үшін 25 миллион евро өтемақы төлеген. Ол клубпен 2031 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған.
Президент Жоан Лапорта Гарсияның Ла Лигаға тіркелуі туралы барлық құжаттардың рәсімделгенін растап, ойыншының «Мальоркаға» қарсы матчқа дайын екенін айтты.
АПЛ: Федерико Кьеза мен Мохамед Салах «Ливерпульге» жеңіс сыйлады
«Ренн» «Марсельді» соңғы минутта жеңіп, 1 Лига маусымын бастады
Испания чемпионаты: «Райо Вальекано» алғашқы турда жеңіске жетті