Болат Сариевке Словакияда өткен Еуропа чемпионатында құрмет көрсетілді

Қазақстандық төреші Болат Сариевқа UEFA тарапынан арнайы құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Словакияда өткен 21 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатында атқарған қызметі үшін қазақстандық төреші арнайы медальмен марапатталды.
Турнир барысында ол бірнеше маңызды кездесулерде төрелік етіп, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Бұл марапат – қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейде беделінің артып келе жатқанын дәлелдейді.
Қазақстан УЕФА рейтингіндегі орынын сақтап қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или