1 Лига: «Ренн» жеңіспен ашты – Бла соңғы минутта гол соқты

2025/26 жылғы 1 Лига маусымының ашылу матчында «Ренн» «Марсельді» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 2025 жылғы 15 тамызда Ренн қаласындағы «Роазон Парк» стадионында өтті.
Алаң иелері сапында 19 жастағы қорғаушы Айта Буддалының 31-минутта қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Соған қарамастан «Ренн» жеңіске қосымша уақытта жеңіс голын салды. Ойындағы жалғыз голды 90+4-минутта Людовик Бла соқты.
«Марсель» ойын барысында допқа көбірек иелік етті (72% иелену), бірақ алаңдағы сан басымдығын пайдалана алмай, қарсыластың қақпасына жеткілікті қысым жасай алмады. Өз кезегінде «Ренн» қақпашысы Брис Самба бірнеше маңызды сейв жасап, тамаша өнер көрсетті. Осылайша Тимоти Веаның дебюті мен Пьер-Эмерик Обамеянгтың «Марсельге» оралуына қарамастан, команда «Ренн» қақпасына жол таппады.
Италиялық «Рома» Джейдон Санчо қатарына қосатынына сенімді
Бүгін Францияда футболдан жаңа 2025/26 жылғы 1 Лига маусымы басталады
Испания чемпионаты: «Райо Вальекано» алғашқы турда жеңіске жетті