Қазақстандық файтер UFC 319-да жекпе-жекке дайын

Қазақстандық файтер UFC 319-да жекпе-жекке дайын

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсімін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол қарсыласы америкалық Джозеф Моралеспен бірге 57,15 келі көрсетіп, жеңіл салмақ санатының лимитіне сыйды.

Айта кетейік, титулдық емес жекпе-жектерде бір фунтқа дейінгі артық салмаққа рұқсат етіледі, ал бұл дивизионның ресми шегі – 56,7 келі.

Әліби Ыдырыс – Джозеф Моралес жекпе-жегі UFC 319 турнирінің ашылу бәсекесі болады. Турнир 17 тамызға қараған түні Астана уақытымен сағат 3:00-де басталады, ал басты кард 7:00-де өтеді.

Қазақстанда өткен турнирде қарқынды айқас болды. Видео

UFC мен Paramount рекордтық келісімге қол қойды

Артем Резников Алматыда жекпе-жек өткізеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или