Қазақстандық теннисші Цинциннати турнирінде жартылай финалға жолдама алды

Елена Рыбакина сенімді жеңіспен Цинциннати турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші WTA 1000 санатындағы жарыстың 1/4 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Рыбакина матч басынан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Бұған дейін қазақстандық спортшы мексикалық Рената Сарасуа, бельгиялық Элизе Мертенс және америкалық Мэдисон Кис сынды қарсыластарынан басым түскен еді.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жалпы жүлде қоры 5,15 миллион долларды құрайды. Жеңімпаз 752 мың доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина - Соболенко: Цинциннатидегі турнирдің 1/2 финалы үшін матчтың тікелей трансляциясы
Елена Рыбакина ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты?
Қазақстандық теннисші рейтингте өзінен 109 орын жоғары тұрған спортшыны жеңді