Футболдан Францияның 1 Лигасы жаңа маусымды бастайды

15 тамыз күні Қазақстан уақытымен түнгі сағат 23:45 кеткенде футболдан Франция чемпионатының жаңа 2025/26 жылғы маусымы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусымның ашылу матчында «Ренн» өз алаңында «Олимпик» Марсель командасын қабылдайды. Бұл кездесу Францияның жоғары дивизионындағы жаңа маусымның алғашқы ойыны болмақ.
Жанкүйерлерді қызықты қарсыласу күтіп тұр – екі команда да жазғы трансферлік кезеңде құрамын күшейтіп, жоғары орындар үшін күресуге дайын екенін көрсетті.
Айта кетейік, өткен маусымда 1 Лиганың жеңімпазы «Пари Сен-Жермен» командасы болған еді. Париждіктер өз тарихында 12-ші рет осы трофейге қол жеткізді.
Италиялық «Рома» Джейдон Санчо қатарына қосатынына сенімді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или