Педриньо: Evolution кубогының жеңімпазы енді Қазақстанда

МФК «Семей» жаңа ойыншысын таныстырды — 20 жастағы бразилиялық Педриньо, деп хабарлайды Prosports.kz.
Педро Энрике да Силва 2022 жылы «Марешал» футзал клубымен Парана штатының чемпионы атанды. Келесі маусымда ол «Прая Клубе» сапына ауысып, Бразилия кубогының финалында «Магнус» қақпасына жеңіс голын соғып, клуб тарихындағы алғашқы ұлттық трофейді сыйлады.
2024 жылы Педриньо «Атлантико Эресин» командасына қосылып, негізгі құрамда тұрақты орын алды. 2025 жылғы Ұлттық футзал лигасының алғашқы жартысында ол 15 гол соғып, чемпионаттың үздік мергені атанды. Сондай-ақ ол Бразилия жастар құрамасына шақырылып, Габриэль Кандидомен бірге Evolution кубогын жеңіп алды.
«Қайратқа» футзал клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или