Шымкентте футбол ойыны кезінде төбелес болып, матч аяқталмай қалды

Шымкентте футбол ойыны кезінде төбелес болып, матч аяқталмай қалды

Шымкентте әуесқой футбол лигасындағы «Байдалы» мен «Тоқболат» командалары арасындағы матчта жанжал шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ойынның 16-минутында «Байдалы» ойыншысы қапталдағы төрешіге шабуыл жасап, оны күрес әдісімен жерге құлатып, соққы жасай бастады. Оған бірнеше командаластары мен белгісіз адамдар қосылған.

Кездесу тоқтатылып, аяқталмады. Шымкент футбол федерациясы оқиғадан хабардар екенін және барлық қажетті ақпаратты жинап жатқанын мәлімдеді. Ұйым өкілдері жағдайдың бақылауда екенін және кінәлілердің регламентке сәйкес жазаланатынын атап өтті.

Испания чемпионаты жаңа маусымын «Жирона» – «Райо Вальекано» матчымен бастайды

Қазақстан УЕФА рейтингіндегі орынын сақтап қалды

ҚФФ балалар футболында болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или