Ла Лига 2025/26 маусымы «Жирона» мен «Райо» ойынымен ашылады

Ла Лига 2025/26 маусымы «Жирона» мен «Райо» ойынымен ашылады

Бүгін, 15 тамызда, Испания футбол чемпионаты – Ла Лига 2025/26 маусымы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялықтар әлемнің үздік ТОП-5 лигасы арасында жаңа маусымды алғаш болып бастамақ.

2025/26 жылғы футбол маусымның ашылу матчында «Жирона» өз алаңында «Райо Вальеканоны» қабылдайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Еске салайық, өткен маусымда Испания чемпионы атағын «Барселона» футбол командасы иеленген еді. Каталондық клуб маусымды 92 ұпаймен аяқтап, мадридтік қос клуб «Реал» мен «Атлетиконы» артта қалдырды.

Айта кетейік, алдағы турда «Реал Мадрид» 19 тамызда өз алаңында «Осасунамен» кездессе, «Барселона» сырт алаңда «Мальоркаға» қарсы ойнайды. Чемпионатта 20 команда қатысып, жарыс 2026 жылдың мамыр айында аяқталады.

Италиялық «Рома» Джейдон Санчо қатарына қосатынына сенімді

Қазақстан УЕФА рейтингіндегі орынын сақтап қалды

Әлемдік футбол жұлдыздары Өзбекстанға барады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или