Қыздар арасында боз кілемге 77 келіде белдесуге шыққан Ақерке Рамазанова Астанада өткен жарыста чемпион атанды

Астанада қазақ күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінің финалдық белдесулері өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұмажан Қожамбеков – қазақ күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионы атанды.
74 келі салмақта ақтық сында Қожамбеков финалда өзбек балуаны Дильшод Буриевке қарсы өткізді. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады, ал қосымша уақытта 9 секунд ішінде ұпай еншілеген Жұмажан алтыннан алқа тақты.
+100 келі салмақта белдескен Ғалымжан Қырықбайда финалға дейін сүрінбей жетті. Ақтық сында қазақ балуаны Тәжікстан спортшысы Некрузшох Некбахытзоданы тізе бүктіріп, алтын жүлдеге иелік етті.
Қыздар арасында боз кілемге 77 келіде белдесуге шыққан Ақерке Рамазанова Астанада өткен жарыста чемпион атанды. Финалда Ақерке өзбек аруы Дурдона Абдужаппарованы жеңді.
Қазақ күресі: Әлем чемпионатында қазақстандық әскери қызметшілер 4 алтын медаль жеңіп алды
Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты: ҰОК президенті жеңімпаздарды марапаттады