Астанадағы Қазақ күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанды

Ернұр Сүлеймен – Қазақ күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз ақтық сында Өзбекстан спортшысы Бахром Батуровпен жолықты. Тартысты өткен бәсекеде Сүлеймен жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленді.
Айта кетейік, елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты өтуде. 14-15 тамыз күндері өтетін жаһандық додаға Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Тайланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла, Иран сынды елдердің әскери салада қызмет ететін балуандар күресуде.
Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты: ҰОК президенті жеңімпаздарды марапаттады
Қазақ күресі: Әлем чемпионатында қазақстандық әскери қызметшілер 4 алтын медаль жеңіп алды
Грек-рим күресінен U20 санатындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы