ҚФФ балалар футболында болған төбелеске қатысты қатаң шешім шығармақ

Түркістанда 2011 жылғы балалар арасындағы футбол орталықтары мен академиялар чемпионатында «Тұран» мен «Екібастұз» командалаы арасындағы ойында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан футбол федерациясы мұндай әрекеттер спорт құндылықтарына және Fair Play қағидаларына қайшы екенін, әсіресе жасөспірімдер деңгейінде агрессия мен күш қолдану спорттық этика мен тәртіп нормаларын өрескел бұзатынын мәлімдеді.
«ҚФФ мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді. Әркім алаңда, оның сыртында регламентті, тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды сақтауы тиіс.
Қазақстандағы футбол өрескел әрекеттерден тұрмауы керек. Біз соны табанды түрде қамтамасыз етеміз», - делінген мәлімдемеде.
Оқиғаға қатысты материалдар КФФ-ның Тәртіптік және этикалық комитетіне берілді. Отырыс келесі аптада өтеді, ал кінәлілерге футболдан өмір бойына шеттетуге дейінгі қатаң жаза қолданылуы мүмкін.
Конференция лигасы: «Астана» – «Лозанна» кездесуіне төрешілер тағайындалды