Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан ерлер құрамасы Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов мәлімдеді:

«Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастадық. Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан ғана.

26 тамыз күні Ұлыбританияға аттанамыз. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырамыз», – дейді Қайрат Сәтжанов.

Азия чемпионаты: Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или