Жеңіл атлетика федерациясы мен Ұлттық дене тәрбиесі орталығы өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды

Жеңіл атлетика федерациясы мен Ұлттық дене тәрбиесі орталығы өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен құжатқа қол қою рәсіміне ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Арман Ташметов қатысты.

Меморандумның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында жеңіл атлетиканы дамыту, насихаттау, оқушыларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ, спорттық резервті дайындаудағы ғылым-әдістемелік бақылау, жеңіл атлетика мен пара жеңіл атлетикадағы бапкерлердің, оқытушылардың және мамандардың біліктілігін арттыру да меморандум аясында жүзеге аспақ.

«Бұл Меморандум отандық жеңіл атлетиканы дамытуға жасалған қадамдардың бірі. Себебі, жеңіл атлетика – елімізде кеңінен таралған бұқаралық спорт түріне жатады. Мектеп оқушылары тапсыратын президенттік нормативті алсаңыз да оның басым бөлігі жеңіл атлетика дисциплиналары екенін байқайсыз. Сондықтан, біз үшін жеңіл атлетиканы мектеп, колледж және университет қабырғасында дамыту аса маңызды», - деді ҚР жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Келбет Нұрғазина.

Тараптар жеңіл атлетиканы одан әрі дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар, семинарлар, шеберлік сағаттарын өткізуді мақсат етіп отыр.

Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте өтетін халықаралық турнирге қатысады

Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс өз мәресіне жетті

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясын 100 млн теңге қарызға батырып кеткен

Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или