Қазақстандық жеңіл атлеттер Өзбекстанда Silk Road to Tokyo турниріне қатысады

16-17 тамыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте Silk Road to Tokyo халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жарыс Bronze level мәртебесіне ие және спортшылардың әлем чемпионатына рейтингілік ұпай жинауына мүмкіндік береді. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды.
Silk Road to Tokyo турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы:
Виталий Земс (100, 200 м.), Аделина Земс, Анастасия Цвиркунова (400 метр кедергілер арқылы), Александра Залюбовская (200, 400 м.), Виктория Ан (200 м.), Ирина Конищева (жетісайыс), Надежда Дубовицкая, Анатолий Люцко (биіктікке секіру), Алмат Тулебаев (100 м.), Артур Гафнер (найза лақтыру), Арина Мишеева (200 м.), Кристина Ермола (100 метр кедергілер арқылы), Евгений Киселев, Глеб Гладилов (үш қарғып секіру), Диана Трофименко (400 м), Дмитрий Калашников (110 метрге кедергілермен жүгіру).
«Ташкенттегі турнир біздің спортшылардың рейтингілік ұпай жинауына мүмкіндік береді. Сондықтан, атлеттер барын салады. 24 тамыз күні жеңіл атлетикадан рейтинг арқылы іріктеу жарыстары толық аяқталады. Содан соң, әлем чемпионатына нақты кімдер баратыны белгілі болмақ», — дейді команданың бас бапкері Дмитрий Карпов.
Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс өз мәресіне жетті
Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясын 100 млн теңге қарызға батырып кеткен
Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты