U20 санатындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

U20 санатындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Болгарияның Самоков қаласында 17-24 тамыз аралығында 20 жасқа дейінгілер арасында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді.

Аталмыш додада ел намысы қорғайтын балуандардың тізімі белгілі болды.

Әлемдік біріншілікте еркін күрестен ел намысын он спортшы қорғайды:

  • 57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
  • 61 келіге дейін: Аллан Оралбек
  • 65 келіге дейін: Ералы Жеңісов
  • 70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет
  • 74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып
  • 79 келіге дейін: Ерхан Әбіл
  • 86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин
  • 92 келіге дейін: Камиль Куруглиев
  • 97 келіге дейін: Самир Дурсунов
  • 125 келіге дейін: Едіге Қасымбек

Әлемдік біріншілікте грек-рим күресінен ел намысын он спортшы қорғайды:

  • 55 келіге дейін: Арсен Жұма
  • 60 келіге дейін: Саламат Мұратұлы
  • 63 келіге дейін: Дамир Ибрашов
  • 67 келіге дейін: Әлібек Тұрлығазы
  • 72 келіге дейін: Юсуф Ашрапов
  • 77 келіге дейін: Ақжан Ықыласов
  • 82 келіге дейін: Диас Сейітқалиев
  • 87 келіге дейін: Темірлан Турдақын
  • 97 келіге дейін: Нұрасыл Аманалы
  • 130 келіге дейін: Қуаныш Амангелді

Әлемдік біріншілікте әйелдер күресінен ел намысын тоғыз спортшы қорғайды:

  • 50 келіге дейін: Мейрамгүл Ахметжан
  • 55 келіге дейін: Алиана Махамбетова
  • 57 келіге дейін: Анна Стратан
  • 59 келіге дейін: Әнел Шоқабаева
  • 62 келіге дейін: Айдана Шораева
  • 65 келіге дейін: Қыз-Жібек Жарқынбаева
  • 68 келіге дейін: Сабина Төрей
  • 72 келіге дейін: Мейрамгүл Мақсот
  • 76 келіге дейін: Алина Ертөстік

Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Грек-рим күресінен U20 санатындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы

Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или