Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Болгарияның Самоков қаласында 17-24 тамыз аралығында 20 жасқа дейінгілер арасында әйелдер күресінен әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлемдік додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан тоғыз балуан өнер көрсетеді.
Олардың қатарында Мейрамгүл Ахметжан (50 келі), Алиана Махамбетова (55 келі), Анна Стратан (57 келі), Әнел Шоқабаева (59 келі), Айдана Шораева (62 келі), Қыз-Жібек Жарқынбаева, (65 келі), Сабина Төрей (68 келі), Мейрамгүл Мақсот (72 келі) пен Алина Ертөстік (76 келі) бар.
Грек-рим күресінен U20 санатындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы
Қазақстан балуандар Германияда өткен додада бірінші орын алды
Демеу Жадыраев Германия Гран-приінде үздік шықты