«Жауапкершіліктен қашпаймын»: «Астананың» бас бапкері отставкаға кете ме?

«Жауапкершіліктен қашпаймын»: «Астананың» бас бапкері отставкаға кете ме?

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян еурокубоктағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

- Биыл Қазақстан кубогында мүмкіндік қалмады. Еурокубоктарда да топтық кезеңге өте алмадық. Енді тек чемпионат қалады. Егер чемпионатта да сәтсіздікке ұшырасаңыз, отставкаға кетуге дайынсыз ба?

- Білесіз бе... Менде бүгінге дейін Еуропа лигасы немесе Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығуға төрт мүмкіндік болды. Бұл жолдың қаншалықты қиын екенін көпшілік біле бермейді. Оны өз көзіңмен көріп, бастан өткеру қажет. Сол төрт мүмкіндіктің үшеуінде біз топтық кезеңге өттік: бір рет — Еуропа лигасында, екі рет — Конференциялар лигасында. Кейде бәрі ойдағыдай болмайды — жеребе немесе өзге де факторлар әсер етеді.

Мен жауапкершіліктен қашпаймын, алайда әрі қарай не болатынына мен шешім қабылдамаймын. Егер маған сенім артылса, «Астана» — менің өзімнің клубым, жанкүйерлерімізді қуанта алмағанымызға жүрегім ауырады. Мен де «Бешікташтың» Астанаға келуін армандадым. Бұл — үлкен жетістік болар еді. Алматыға «Селтик», ал Астанаға «Бешікташ» келгенін көргім келді. Бірақ жағдай осылай қалыптасты.

Айтарым, көңілімнің қатты түскені соншалық, сөзбен жеткізу қиын. Алда — ауыр, ұйқысыз түндер. Дегенмен бұл — бапкердің тағдыры мен өмірі. Қазір бастысы — чемпионатқа шұғыл бейімделу. Ал ары қарайғы шешімді клуб басшылығы қабылдайды.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» командасына қарсы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчын өткізді. 

Алғашқы ойында 1:3 есебімен жеңілген «Астана» екі матч қорытындысы бойынша Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады. «Лозанна» жарысты жалғастырады.


«Астана» «Лозаннадан» жеңіліп, еурокубок маусымын аяқтады

«Астана» 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты

«Мидтьюлланд» Европа лигасының келесі кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или