Әбілқайыр Шеғалиев ресейлік боксшымен кездеседі

Әбілқайыр Шеғалиев ресейлік боксшымен кездеседі

Кәсіпқой қазақ боксшысы Әбілқайыр Шеғалиев (9-2-1, 4 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Шеғалиевтің жекпе-жегі 29 тамызда Қазанда (Ресей) жоспарланған. Оның қарсыласы ресейлік Ибрагим Естемиров (4-1, 3 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Әбілқайыр Шеғалиев бұған дейінгі жекпе-жегін 1 наурызда Брисбенде (Австралия) өткізіп, жергілікті спортшы Джек Боуэннен (12-1, 9 КО) төрешілер шешімімен ұтылған болатын.

Ибрагим Естемиров өткен жылдың 25 қазанында Мәскеуде өткен бокс кешінде соңғы жекпе-жегінде танзаниялық Абдул Убайеден (9-4, 5 КО) нокаутпен ұтылған болатын.


Виктор Теміров Алматыдағы бокс кешіне қатысады

Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или