Рыбакина - Соболенко: Тікелей трансляция

Рыбакина - Соболенко: Тікелей трансляция

Жұма, 15 тамызда Цинциннатидегі (АҚШ) WTA турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) мен беларус Арина Соболенко (1-орын) арасында ширек финалдық кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина - Соболенко матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 21:30-да басталып, матчты осы сілтемеден көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін Цинциннатиде өткен турнирде Елена Рыбакина мексикалық теннисші Рената Заразуаны (70-орын), бельгиялық Элиз Мертенсті (22-орын) және америкалық Мэдисон Кисті (6-орын) ұтса, Арина чехиялық Маркета Вондроусованы (59-орын), Британдық Радуардсты (3-орын), Бусас-Манейроны (42-орын) жарыс жолынан шығарды.

Цинциннатидегі WTA 1000 сериясы турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар жинап, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Цинцинаттиде ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Елена Рыбакина Цинциннатида ширек финалға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или