«Селтик» «Қайратпен» матч алдында трансфер жасауы мүмкін

Шотландиялық «Селтик» командасының бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайратпен» екі матчтық кездесудің алдында жаңа ойыншыны сатып алу туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойын 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Глазгода өтеді. Роджерстің айтуынша, олар алматылық командамен ойын алдында құрам күшейтуі мүмкін.
«Жақында мен сіздерге [жаңа трансферлер туралы] жауап бере аламын деп ойлаймын». Қателеспесем, [Қайратпен] матчқа бір күн қалғанда өтінімге өзгертулер енгізудің соңғы мерзімі. Трансфер жасап үлгереміз деп үміттенемін», - деді Роджерс британдық БАҚ-қа берген сұхбатында.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында плей-офф кезеңіне үшін қанша ақша алды?
«Астана» «Лозаннадан» жеңіліп, еурокубок маусымын аяқтады
«Астана» 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты