Әлемдік футбол жұлдыздары 26 тамызда Өзбекстанға барады

Өзбекстан футзал федерациясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әлемдік футбол жұлдыздары Өзбекстанға келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Федерация ақпаратында төмендегі футболшылардың келетіні жарияланған:
Дида — Әлем чемпионы, Милан құрамында UEFА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы.
Роберто Карлос — әлемдегі ең үздік сол қанат қорғаушыларының бірі, өзінің күшті соққыларымен танымал, әлем чемпионы, UEFА Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы.
Фабио Каннаваро — Әлем чемпионы, «Алтын доп» иегері, 2006 жылы әлемнің үздік ойыншысы атанған жалғыз қорғаушы.
Марко Матерацци — әлем чемпионы, UEFА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Майкон — «Интердің» ең үздік қорғаушыларының бірі, UEFА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Кристиан Заккардо — 2006 жылғы әлем чемпионы, итальяндық қорғаушы.
Кларенс Зеедорф — «Миланның» аңызға айналған ойыншысы, үш клубтың құрамында Чемпиондар лигасында жеңімпаз болған жалғыз ойыншы.
Серджиньо - «Миланның» сол қанат қорғаушысы, нәтижелі пас беруімен танымал.
Франк Рибери – «Баварияның» аңызға айналған жартылай қорғаушысы, UEFА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Кевин Курани — Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы, «Шальке-04» клубының аңызға айналған ойыншысы.
Бұл жұлдыздар 26 тамыз күні Humo Arena спорт кешенінде өтетін «BMB» мен «Oil Star» арасындағы футзалдан Өзбекстан Суперкубогы-2025 матчына қатысып, жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланған.
27 тамызға бірқатар матчтар жоспарланған.Сонымен қатар Өзбекстан мен World Football Legends командалары арасында жолдастық кездесу де бар. Матчтың басталу уақыты мен орны туралы қосымша ақпарат беріледі.
«Астана» «Лозаннадан» жеңіліп, еурокубок маусымын аяқтады
«Астана» 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты