Виктор Теміров Алматыдағы бокс кешіне қатысады

Қазақстандық боксшы Виктор Теміров (8-0, 6 КО) рингке қашан шығатыны жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіліп көрмеген профессионал 5 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кеші аясында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ. Теміровтың жекпе-жегін Ali Ahmedov Promotions промоутерлік компаниясы жариялады:
"Виктор Теміров - Германияда сәтті өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой бокстың жарқын өкілі! Ол 8-0 есебімен жеңілмеген боксшы. Ал Виктордың қарсыласы кім болады? Оны жақын арада білетін боласыз", - деп жазды промоушеннің баспасөз қызметі.
Виктор Теміров бұған дейінгі жекпе-жегін 14 маусымда Ганноверде (Германия) өткізіп, үшінші раундта поляк Лукаш Барабашты (4-17, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Кәсіпқой рингте Викторды «қасапшы» деген лақап атпен атайды, бірақ неміс жанкүйерлері оны Германияда кәсіпқой мансабын бастаған жас Геннадий Головкинмен салыстырады.