Екі матчтың қорытындысы бойынша даниялық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Европа лигасының келесі іріктеу кезеңіне өтті

Даниялық «Мидтьюлланд» футбол клубы 2025/26 жылғы Лига Европасының үшінші іріктеу кезеңінде Норвегияның «Фредрикстад» командасын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
14 тамызда Хернинг қаласындағы MCH Arena стадионында өткен жауапты кездесуде «Мидтьюлланд» тағы да басымдығын дәлелдеді. Ойынның алғашқы 20 минутында Мадс Беч Серенсен мен Паулиньо гол соғып, командаға сенімді басымдық сыйлады. Матч 2:0 есебімен аяқталды.
Еске салайық, алғашқы ойында қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Екі матчтың қорытындысы бойынша даниялық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Европа лигасының келесі іріктеу кезеңіне өтті.
«Астана» 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или