Елордалықтар Конференция лигасындағы ойындарынан 566,6 миллион теңге табыс тапты

Елордалықтар Конференция лигасындағы ойындарынан 566,6 миллион теңге табыс тапты

«Астана» футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық «Лозаннадан» ұтылып, турнирдегі жолын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025/26 маусымындағы еурокубоктағы өнері үшін «Астана» 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Кейін бұл сомаға телехабар тарату және маркетингтік құқықтардан түсетін төлемдер қосылады.

Еске салсақ, «Астана» Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Астаналықтар молдовалық «Зимбруды» екі ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, елордалықтар «Лозаннамен» қонақтағы алғашқы ойында қазақстандық команда 1:3 есебімен жеңілсе, жауапты кездесуде өз алаңында 0:2 нәтижесі тіркелді.

Елордалық команда Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады.

АПЛ Матис Тельге қатысты нәсілшілдікке жауап берді.

«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или