Елордалық команда Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады

Елордалық команда «Астана Арена» стадионында Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында қарымта матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» футбол клубы швейцариялық «Лозаннаға» есе жіберіп жарысты аяқтады. «Астана Аренадағы» ойын 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Алғашқы таймда қос команда таблода есеп аша алмады. Екінші кезеңнің 48-минутында Беятт Лекуэйри дәл соққысымен қонақтарды алға шығарса, 66-минутта Гауссу Диаките есепті 2:0 жеткізді. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға төрт минут қалғанда қазақстандықтар сапында Макс Эбонг өрескел ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды.
Ослайша екі кездесу қорытындысы бойынша «Астана» 1:5 есебімен ұтылып, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады.
«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады.