Климас: Адамес Жәнібекпен жекпе-жекке келісім бермей отыр

Климас: Адамес Жәнібекпен жекпе-жекке келісім бермей отыр

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас шәкіртінің WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен кездесуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Климастың айтуынша, бұрын чемпионмен жекпе-жекке шығуға көп боксшы ниет танытатын, ал қазір керісінше жағдай қалыптасқан. Бірнеше ай бойы Адамеспен жекпе-жек туралы сөз болып жүргенімен, іске келгенде қарсылас келісім бермейді. Сауд Арабиясынан ұсыныс түскенде, Әлімханұлы тарапы оны бірден қол қойып жіберген, алайда Адамес тарапынан келісім болмаған. Оның менеджменті уәде беріп отырғанымен, нақты қадам жасалмаған.

Бұған дейін Сауд Арабиясының бокс инвесторы Турки әл-Шейх те Карлос Адаместі келіссөздерді созып жібергені үшін айыптаған. Сол себепті ұйымдастырушылар ұсынысты кері қайтаруға мәжбүр болған.

Қазақстандық боксшы WBC Grand Prix турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или