Премьер-лига «Тоттенхэм» шабуылшысын қолдады

Премьер-лига «Тоттенхэм» шабуылшысын қолдады

Англия Премьер-лигасы «Тоттенхэм Хотспур» ойыншысы Матис Тельге қатысты болған нәсілшілдік оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Суперкубок УЕФА матчында (2:2, пенальти – 3:4) француздық «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойында Тель өз мүмкіндігін 11 метрлік соққыдан жүзеге асыра алмады.

«Расизмге футболда да, қоғамда да орын жоқ. Біз Матисті толық қолдаймыз және «Тоттенхэмге» бұл істі тергеуде көмектесеміз. Кімде-кім дискриминацияны байқаса, естіп қалса немесе оған куә болса, міндетті түрде хабарлауын сұраймыз», – делінген лига хабарламасында.

Айта кетейік, «Тоттенхэм» өткен маусымда Еуропа Лигасының жеңімпазы атанған еді.

Ла Лига «Барселона» қақпашысына қатысты шешім қабылдады

УЕФА Суперкубогына қатысты қызық ақпарат жарияланды

Футболдан әлем чемпионы атанған бапкер Өзбекстан құрамасын баптаудан бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или