«Бұл өте агрессивті матч болады» – Соболенко

Әлемнің бірінші ракеткасы, 27 жастағы Беларусь теннисшісі Арина Соболенко қазақстандық Елена Рыбакинамен өтетін Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл сөзсіз өте агрессивті матч болады. Біз екеуміз де мықты теннисшіміз, өткенде де талай бәсекеге түстік. Бірақ әрдайым күліп жүрдік. Бұл мен үшін кортта жаңа тәсілдерді жетілдіруге тағы бір мүмкіндік. Сол себепті осы кездесуді асыға күтемін», – деді Соболенко баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, турнирдің төртінші кезеңінде Арина Соболенко 42-орында тұрған испаниялық 22 жастағы теннисші Джессика Бузас Манейроны 6:1, 7:5 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған.
Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или