«Барыс» хоккей командасы құрамына шетелдік ойыншылар қосылды

«Барыс» хоккей командасы құрамына шетелдік ойыншылар қосылды

Елордалық «Барыс» хоккей командасы құрамына шетелдік ойыншылар қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

Енді АҚШ хоккейшісі Иэн Маккошен алдағы маусымда елордалық «Барыс» командасының намысын қорғайды. Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарамды, ол бір маусымға есептелген.

2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60, АХЛ-де 244 ойынға қатысты.

Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді. 

Сондай-ақ «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.

25 жастағы Родриг «Эдмонтон Ойлерз» жүйесінен келді. Бұл клуб оны 2018 жылғы драфтта таңдаған. Өткен маусымда Оливье ҰХЛ-де алғаш рет мұз айдынына шығып, сондай-ақ АХЛ-дағы «Бейкерсфилд Кондорс» сапында 41 ойын өткізді. 

Айта кетсек, бұдан бұрын ресейлік шабуылшы Эмиль Галимов «Барыс» сапына қосылды.

Сондай-ақ елордалық қазақстандық Кириллом Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, ресейлік қорғаушы Юрий Паутов және шабуылшы Владимир Волковпен келісімге келді.

Ал қазақстандық хоккейші Роман Старченко «Барыс» хоккей клубы сапында тағы бір жыл ойын көрсетеді.

Еске салсақ, биыл «Барыс» хоккей клубының тізгінін Михаил Кравец ұстады.

«Алматы» үш ойыншымен келісімшартты ұзартты

«Барыс» Канада қорғаушысын қатарға қоспақ

Роман Старченконың жалақысы жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или