Кингсли Коман «Бавариядан» кететін болды

Кингсли Коман «Бавариядан» кететін болды

«Бавария» шабуылшысы Кингсли Коман «Әл-Наср» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, мюнхендік гранд франциялық футболшының Сауд Арабиясы клубына трансферін толық мақұлдаған. 29 жастағы ойыншы жақында Германиядан кетеді. Келісімшарттың шарттары өткен аптада келісіліп өойған.

Кингсли Коман «Әл-Насрмен» үш жылдық келісімшартқа қол қояды. «Бавария» ойыншыны сату арқылы 30 миллион еуро табыс табады. Жуырда ғана Команның кетуі жайлы сұраққа жауап берген «Баварияның» спорт директоры Кристоф Фройнд келісім жасалғанын және сатылымның жақын арада болатынын растаудан бас тартқан еді.

Ла Лига «Барселона» қақпашысына қатысты шешім қабылдады

УЕФА Суперкубогына қатысты қызық ақпарат жарияланды

Футболдан әлем чемпионы атанған бапкер Өзбекстан құрамасын баптаудан бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или