Қазақстандық теннисші Цинцинаттиде ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалисі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл турнирде Рыбакина үш жеңіске қол жеткізді. Алдымкн ол мексикалық Рената Сарасуаны, артынан бельгиялық Элизе Мертенсті және америкалық Мэдисон Кизді жеңді. Ширек финалға шыққаны үшін Елена 106 900 доллар және 215 рейтингтік ұпайға иеленді.
Айта кетейік, биыл WTA 1000 сериясындағы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Елена Рыбакина Цинциннатида ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или