«Лозанна» бапкері барлық жағдайларға дайын екенін айтты

«Лозанна» бапкері барлық жағдайларға дайын екенін айтты

Швейцариялық «Лозанна» клубының бас бапкері Петер Зайдлер Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астанаға» қарсы жауапты ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман Қазақстанға сапардың еш қиындықсыз өткенін атап өтті. Оның айтуынша, астаналық аренадағы жасанды төсеніш – оның шәкірттеріне жақсы таныс.

«Біз қарсыласпен текетірестің тең жартысын артта қалдырдық. Ұшу жайлы болды. Ойын жасанды алаңда өтеді, бұл бізге қолайлы - Лозаннадағыдай. Қарсыласымыз футболды жақсы ойнайды, алайда алғашқы кездесуде 3:1 есебімен жеңіске жету біз үшін сәттілік болды»,- деді Зайдлер.

Зайдлер «Астана Аренаға» ерекше әсерленгенін де жасырмады.

«Бұл – тамаша арена, ол шабыт сыйлайды. Автобуспен қасынан өтіп бара жатқанда: «Міне, нағыз Еуропа!» деп ойладық. Мұндай атмосфера кедергі емес, керісінше қосымша серпін береді»,-деп атап өтті ол.

Айта кетейік, алғашқы матч 7 тамызда Лозаннада өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жауапты кездесу 14 тамыз күні елордадағы «Астана Аренада» өтеді.

Конференция лигасы: «Астана» – «Лозанна» кездесуіне төрешілер тағайындалды

Жауапты ойын алдындағы жасырын жоспар: Бабаян қандай жоспар құрды?

Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или