«Қайратқа» футзал клубына Оңтүстік Америка чемпионы бапкер болды

«Қайратқа» футзал клубына Оңтүстік Америка чемпионы бапкер болды

Футзалдан «Қайрат» клубы бразилиялық маман Даниэл Жуниорды жаңа бас бапкер етіп тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санта-Катарина штатының Тубарау қаласында туған Жуниор ойыншы ретіндегі мансабын «Унисул» клубында бастаған. 2006 жылы алаңдағы өнерін аяқтаған соң, сол клубтың бапкерлер құрамына көмекші ретінде қосылды. Кейін «Ульбра» командасында ассистент болып қызмет атқарып, 2009 жылдан бастап дербес түрде бірнеше бразилиялық клубты басқарды: «АБК», «Шашьенсе», «Мафра», «Капивари» және «Жоинвилле».

Оның жетекшілігімен командалар Санта-Катарина мен Парана штаттарының чемпионаттарында бірнеше мәрте жеңіске жетіп, жүлделі орындар иеленді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Бразилия кубогын қоса алғанда, ұлттық турнирлерде табысқа жетті. Бұдан бөлек, Жуниор Бразилияның жасөспірімдер құрамасын жаттықтырып, олармен бірге Оңтүстік Америка чемпионатында және Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, биыл маусым айында клуб 2023 жылдан бері «Қайратты» баптаған испан маманы Марлон Веласкомен қош айтысқан болатын.

🔹 @samrukkazyna_official

🔹 @sportqory

🔹«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайрат» ойыншысы атанды

Қазақстандық футзалшы «Семей» сапына ауысты

«Қайрат» футзал клубына жаңа бас бапкер келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или