«Астана» – «Лозанна» матчының төрешілер құрамы белгілі болды

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі елордалық «Астана» мен Швейцарияның «Лозанна» командаларының қарымта кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет ететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған ойын 14 тамыз күні Астанада өтеді. Матчты 19:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде швейцариялық клуб 3:1 есебімен басым түсті.
Аталған матчта Словениядан келген Мартин Матошиге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Александар Касапович мен Матиц Межнар көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Денис Шабанагич болады.
Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады
«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады
Күзде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін