Зайнутдинов «Спартакқа» ауысқан Жедсонға Мәскеуді көрсеткісі келетінін айтты

Мәскеулік «Динамо» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Спартакқа» ауысқан португалиялық хавбек Жедсонмен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, хабарластық. Оны кешкі асқа шақырып, Мәскеуді көрсеткім келеді. Ыстамбұлда бізде өте жақсы қарым-қатынас болды, мен командаға енді келген кезде ол мені қолдады. Енді менің кезегім келді», – деді Зайнутдинов.
Екі футболшы да бұған дейін ыстамбұлдық «Бешікташ» клубында ойнаған. Зайнутдинов түрік командасында 2023 жылдың тамызынан бері 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. 2025 жылдың шілде айының соңында ол «Динамомен», ал Жедсон «Спартакпен» келісімшарт жасасты.
Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады
«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады
Күзде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін