Николай Костов – «Ақтөбе» ФК бас бапкері

Болгариялық маман Николай Костов «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Николай Костов – «Ақтөбе» ФК бас бапкері!
63 жастағы болгариялық маман Николай Костов — тәжірибелі жаттықтырушы. Бұған дейін Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарын басқарған. 2002 жылы «Анортосиспен» Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспийді» жаттықтырды.
Соңғы жұмыс орны Болгарияның «Левски» ФК. 2023-2024 жылдары бапкер команда тізгінінде 35 ойынның 19 жеңіп, 7 ойында тең түсіп, 9 ойында жеңіліс тапқан», - делінген клуб мәлімдемесінде.
Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады
«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады
Күзде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін