Қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Артем Резников ACA 192 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

14 қыркүйекте Алматыда өтетін турнирде қазақстандық спортшы бразилиялық Хакран Диаспен кездеседі.

Еске салайық, Резников кейінгі жекпе-жегін биыл маусым айында ACA 188 турнирінде өткізіп, Дауд Шайхаевқа есе жіберген болатын. Оның еншісінде 25 жеңіс және 10 жеңіліс бар.

Оның қарсыласында UFC-де өнер көрсету тәжірибесі бар. Диас биыл мамырда ACA 186 турнирінде Марат Балаевпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бразилиялық спортшының еншісінде 28 жеңіс, 12 жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

OCTAGON 77 турнирінде қазақстандық жеңілмеген файтер өнер көрсетеді

UFC Vegas 109 турнирінде бонус алған файтерлер белгілі болды

Мансабын аяқтаған Дастин Порье UFC-де талдаушы қызметін атқарады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или