19 жастағы қазақстандық теннисші Президент кубогының ширек финалына өтті

19 жастағы қазақстандық теннисші Президент кубогының ширек финалына өтті

19 жастағы Асылжан Арыстанбекова Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 1038-орында тұрған үндістандық Анжали Ратхимен ойнады.

Бірінші партияда Асылжан 5:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласының таразы басын теңестіруіне мүмкіндік беріп қойды. Дегенмен тай-брейкте дегеніне жетті — 7:6 (10:8).

Екінші сетте Арыстанбекова айқын басымдылық көрсетіп, соны сақтай білді — 6:1.

Асылжан Арыстанбекова жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 882-сатыдағы ресейлік, 18 жастағы Виктория Миловановамен таласады. Ол әлемнің 514-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, отандасы Екатерина Яшинаны ұтып кетті — 6:3, 6:4.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова 34 жастағы ресейлік Валерия Савиныхпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Аружан дес бермеді — 6:2. Алайда екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады — 6:7 (6:8). Үшінші, шешуші партияда Савиных сәтті ойнады — 6:3. Мұның алдында ол өткен аптада елордада дәл осындай додада жеңімпаз атанған отандасы Екатерина Маклакованы жолдан тайдырды — 6:7 (2:7), 6:0, 6:4.

Қазақстандық Екатерина Дмитриченко да ширек финалдан шет қалды. Ол ресейлік Кристина Кроиторға жол берді — 3:6, 3:6.

Тимофей Скатов Германиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті

Жібек Құламбаева Сербияда ресейлік теннисшіден ұтылды

Астанада өтіп жатқан Президент кубогында қазақстандық теннисші сенсация жасады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или