Алматылық клуб үш хоккейшімен келісімшартты ұзартты

«Алматы» клубы шабуылшылар Егор Анисимов, Станислав Рангаев және қорғаушы Никита Жульдиковпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен маусымда 26 жастағы Егор Анисимов «Алматы» сапында Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымында 40 матч өткізіп, 22 (7+15) ұпай жинады. Плей-оффтағы алты кездесуде шабуылшы екі нәтижелі пас берді.
23 жастағы Станислав Рангаев өткен маусымда тұрақты чемпионатта «Кулагер» сапында 27 ойынға қатысып, 23 (10+13) ұпай жинады. Плей-оффта «Алматы» құрамында жеті ойында 6 (4+2) ұпайға қол жеткізді.
28 жастағы Никита Жульдиков маусымды «Кулагер» сапында бастап, төрт ойында бір пас берді. Кейін «Алматы» сапында тұрақты чемпионаттың 24 матчында 10 (3+7) ұпай жинады. Плей-оффтағы жеті кездесуде қорғаушы төрт нәтижелі пас берді.
«Барыс» Канада қорғаушысын қатарға қоспақ
Роман Старченконың жалақысы жарияланды
«Барыстың» хоккей клубының екі ойынына қатысты өзгертулер енгізілді
«Барыстың» жаңа ойыншысы кедергілерге қарамастан Астанаға келді