Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирінің финалында жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирінің финалында жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлде үшін өткен матчта ол австриялық Юрий Родионовпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты кездесу Родионовтың пайдасына 3:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Тимофей Скатов мансабындағы үшінші кәсіби атағын жеңіп ала алмады. Бұған дейін оның еншісінде екі «Челленджер» жүлдесі бар еді. Алғашқы рет ол 2022 жылы Италияның Парма қаласында жеңіске жеткен, кейін 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында топ жарған болатын.

Жібек Құламбаева Сербияда ресейлік теннисшіден ұтылды

Астанада өтіп жатқан Президент кубогында қазақстандық теннисші сенсация жасады

Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или