Аргентинада автожарыс кезінде Клаудио Сегарра қаза тапты

Аргентиналық автоспортшы Клаудио Сегарра жарыс алдындағы апат салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға квалификация алдындағы жаттығу заезы кезінде болған. 45 жастағы Сегарра алғашқы айналымына шыққанда, басты түзу жолға енген сәтте көлікті басқара алмай, қабырғаға соғылған.
Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен, бірнеше сағаттан соң өмірден өтті.
Апатқа байланысты жарыс уақытша тоқтатылып, билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
Астанада АПК Конференциясы мен Бас ассамблеясы салтанатты түрде ашылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или