DAR PRO Team жаттықтырушысы Рахмонов пен Алмабаевтың мүмкіндігін бағалады

DAR PRO Team бас бапкері Эдуард Базров, құрамында Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев сынды қазақстандық UFC жұлдыздары бар команда жетекшісі, ММА жанкүйерлерін толғандырған сұраққа өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір UFC-де Қазақстанның екі мықты өкілі топ-10-да — Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Осы тұрғыдан алсақ, белбеуді елге әкелу мүмкіндігі бізде көршілерімізге қарағанда жоғары.
Әрине, Қырғызстаннан Валентина Шевченко чемпион болған, бірақ ол — әйелдер арасында. Ал ерлер бойынша айтсақ, Қырғызстанда да, Өзбекстанда да, Тәжікстанда да мықтылар бар. Дегенмен дәл қазір UFC белбеуін бірінші болып Қазақстанға әкелуге біз жақын тұрмыз», — деді ол.
Айта кетейік, Рахмонов (жартылай орта салмақ) пен Алмабаев (аса жеңіл салмақ) біраз уақыттан бері UFC чемпиондық жекпе-жегіне үміткерлер қатарында аталып келеді.
Қазақстан мен Өзбекстан жауынгерлері қанды айқас өткізді. Видео
UFC Vegas 109 турнирінде бонус алған файтерлер белгілі болды
Мансабын аяқтаған Дастин Порье UFC-де талдаушы қызметін атқарады