«Қайрат» плей-оффта «Селтикпен» кездеседі

«Қайрат» плей-оффта «Селтикпен» кездеседі


Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі барлық қарсыласу жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде алматылық «Кайрат» та бақ сынайды. Қазақстандық клуб үшінші іріктеу раундында Словакияның «Слованын» жалпы есеппен жеңіп, сенсация жасады. Плей-оффтағы барлық жұптар төмендегідей:

«Ференцварош» (Венгрия) – «Қарабах» (Әзербайжан) «Црвена Звезда» (Сербия) – «Пафос» (Кипр) «Будё-Глимт» (Норвегия) – «Штурм» (Австрия) «Кайрат» (Қазақстан) – «Селтик» (Шотландия) «Базель» (Швейцария) – «Копенгаген» (Дания) «Фенербахче» (Түркия) – «Бенфика» (Португалия) «Рейнджерс» (Шотландия) – «Брюгге» (Бельгия)

Плей-оффтың алғашқы матчтары 19-20 тамызда өтеді, жауапты кездесулер 26-27 тамызға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или