«Қайрат» Чемпиондар лигасында плей-офф кезеңіне үшін қанша ақша алды?

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты, деп жазады Prosports.kz.
Соңғы кезеңде командамыз шотландиялық «Селтикті» жарыс жолынан шығарса, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады. Бұл кезеңге тек Еуропаның үздік 32 командасы ғана қатысады.
Үшінші кезеңде «Слованды» жеңген қазақстандық команда, кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңін қамтамасыз етті. Осылайша, қазір «Қайрат» клуб қазынасына кем дегенде 6 миллион еуро, теңгеге шаққандай 3 миллиард 245 миллион салып отыр.
Егер, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтіп кетсе, клуб 18 миллон доллардан астам қаржы алады.
Қоса кетейік, УЕФА жалпы кезеңдегі әрбір тең нәтиже, әрбір жеңіс үшін де қосымша ақша төлейді.
Сонымен қатар, маусым соңында телевизиялық құқықтар мен бонустардан клуб қазынасына УЕФА тарапынан ақша аударылады.
«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады
Күзде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін