«Слован» - «Қайрат» экстра-тайм басталды

«Слован» - «Қайрат» экстра-тайм басталды

Братиславада (Словакия) Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі өтіп жатыр, онда «Слован» өз алаңында «Қайратты» қабылдауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 минуттық негізгі уақыттан кейін алаң иелері 1:0 есебімен алда. Жалғыз голды 30-минутта Роберт Мак соқты. 

Еске салайық, командалардың Алматыдағы алғашқы ойыны «Қайраттың» жеңісімен аяқталды - 1:0. 90-минутта Дастан Сәтпаев пенальтиді орындады.

«Қайрат» – «Слован» жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі, ал жеңілгені Еуропа лигасына түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или