WBC рейтингі: Қазақстандық боксшылардың орындары белгілі болды

WBC барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингт жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшылардың да рейтингтегі орындары белгілі болды.
Аса ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 35-орынға түсті. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 15-орыннан 17-ге сырғыса, Әли Ахмедов 30-орынға түсіп ұалды.
Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында бірінші орнын сақтап қалды. Бұл салмақтағы WBC белбеуі доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.
Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта бес орын төмендеп, 38-орынға жылжыды. Ал олимпиада чемпионы, жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 30-орыннан 33-ке түсті.
Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев бір саты көтеріліп, 31-орынға жайғасты. Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 18-ден 19-орынға түсті.
Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?
Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды