«Қайсар» мен «Ордабасы» кездесуіне қатысты шешім қабылданды

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 20-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайсар» мен «Ордабасы» кездесуінде 37-минутта қонақтар командасының айып алаңында екі ойыншы допқа таласты. №27 шабуылшы секіріп, баспен ойнады. Дәл сол сәтте №25 қорғаушы да секіріп, допқа ұмтылды. Екі ойыншы да әуеде болғанда, өзара қозғалыстың салдарынан бастары соқтығысты. Бұл – кездейсоқ соқтығысу, қорғаушы тарапынан ереже бұзу болған жоқ.
Төреші жақын жерде, жақсы орында тұрғандықтан, ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады. VAR эпизодты қарап, дұрыс шешім қабылдаған төрешінің әрекетіне негізсіз араласты – ереже бұзу болмаған. VAR төрешіге алаңдағы монитормен қарауды (OFR) ұсынды.
Эпизодты қарағаннан кейін төреші қате шешім қабылдап, пенальти тағайындап, қонақтар командасының №25 ойыншысына сары қағаз көрсетті», - деп жазылған хабарламада.
Ресми: «Жетісу» футбол клубына техникалық жеңіліс жазылды
Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады
Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды