Ресми: «Оқжетпес» жеңілді, бірақ үш ұпайға қол жеткізді

Ресми: «Оқжетпес» жеңілді, бірақ үш ұпайға қол жеткізді

Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік және этика комитеті ҚПЛ-ның 20-туры аясында өткен «Оқжетпес» — «Жетісу» ойынына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиганың баспасөз қызметінің ақпаратына сенсек, қазақстандық футболшы Нұрбол Әнуарбеков 20-турдың екі бірдей матчына қатысқан екен.

27 жастағы шабуылшы аталған турда «Жетісу» үшін «Оқжетпеске» қарсы ойында алаңға шығып, гол соққан болатын. Ол сонымен қатар маусымның алғашқы бөлігінде «Жеңістің» намысын қорғады. Сол уақыт аралығында елордалық клуб 9 мамыр күні 20-тур матчын «Қайратқа» қарсы өткізіп қойған.

Ал ереже бойынша бір футболшы бір тур аясында екі клубта ойнай алмайды. Сол себепті «Жетісуға» техникалық жеңіліс жазылып, «Оқжетпес» үш ұпайға ие болды.

Күзде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады

«Ақтөбе» бас бапкері қызметінен босатылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или